×

Бразилиялық футболшы Ресейде нәсілдік кемсітуден кейін матч аяқталмай кетіп қалды

Бразилиялық футболшы, "Норильск Никель" футзал командасының ойыншысы Нандо жанкүйерлердің нәсілшілдік ұрандарынан кейін «Сибиряк» клубымен кездесуден кетіп қалды, деп хабарлайды Ulyssport порталы Norilsk Nickel компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 15:46
Бразилиялық футболшы Ресейде нәсілдік кемсітуден кейін матч аяқталмай кетіп қалды
Ұлысмедиа коллажы

9 қаңтар күні Новосібірде өткен супер лига матчы 6:1 есебімен норильдік клубтың жеңісімен аяқталды. Нандо «Сибиряк» қақпасына екі гол соғып үлгерді. Алайда трибуналардағы нәсілшілдік ұрандардың кесірінен алаңды тастап кетті.

ОЛАРДЫҢ ОРНЫ СПОРТ ЕМЕС, МАЛ ҚОРА

«Біз нәсілге бөлетін  теріс пиғылды пікірлерді қолдайтын жанкүйерлердің футзалға жалпы спортқа еш қатысы болмауы керек дегіміз келеді. Олардың орны спорт алаңында емес, мал қорада», - дейді Норильск Никель.

Клуб басшылығы Ресей футбол одағы мен басқа да ұйымдарды «мұндай оқиғалардың болашақта қайталанбауы үшін шешуші шаралар қабылдауға» шақырды.

ЖАНКҮЙЕРЛЕР ТЕРГЕЛЕДІ

Полицейлер футбол матчындағы жанкүйерлердің жөнсіз әрекетіне қатысты тергеу жүргізеді, деп хабарлады Новосибирск облысы бойынша ішкі істер министрлігі.

«Супер лига кез келген клубтың ойыншыларына қатысты кемсітушілік белгілерін мүлдем құп көрмейді » деді суперлига басшылығы.

Еске сала кетейік, Нандо,толық аты-жөні Леандро Энрике Чиприано Катарино де Хесус — 2012 жылдан бері Ресейде ойнайтын бразилиялық футболшы. Шағын футболдан Ресей құрамасында да ойнап, бес рет ел чемпионы атанған.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр