×

Белал Мухаммед: "Шавкатты жеңген алғашқы адам боламын"

Орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммед Шавкат Рахмоновты нокаутқа түсірген алғашқы адам болатынын айтты,деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол YouTube-тегі Submission Radio арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

14.01.2025, 10:03
Белал Мухаммед: "Шавкатты жеңген алғашқы адам боламын"
Google

Мен өзімнің басқалардан жоғары екеніме сенімдімін. Салмағымдағылардың барлығына мүмкіндік мүмкіндігім бар да мен өз күшімді бүкіл әлемге көрсетемін.  Шавкатпен жекпе-жекке келсек оны бірінші болып нокаутқа түсіремін», - деді Белал.

Еске сала кетейік, Белал Мұхамад Манчестерде өткен 304-ші нөмірлі турнирде британдық Леон Эдвардсты жеңіп, UFC чемпионы атанды. Бұл екеуінің арасындағы екінші кездесу еді.

Алғаш рет Эдвардс абайсызда Мұхаммедтің көзіне саусағымен ұрған, нәтижесінде Белал төбелесе алмай, жекпе-жек жарамсыз деп танылған. Реваншта жұдырықтасу 5 раундқа созылды және бірауыз шешіммен Мұхаммедтің жеңіске жеткен болатын.

Новости партнеров