×

Ресейлік спортшы жеңілісінен кейін бапкерін бір-ақ ұрды

Ресейлік Виктория Дудакова Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC Fight Night 249 турнирінде америкалық Фатима Клейнмен жұдырықтасып, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы sportarena.kz мәлімдеді.

14.01.2025, 10:19
Ресейлік спортшы жеңілісінен кейін бапкерін бір-ақ ұрды
Сурет: Getty Images

Әйелдер арасындағы үш раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші раундта Клейн Дудакованы техникалық нокаутпен жеңіп кетті. Бұл ресейлік спортшының жеңіліс дәмін екінші рет татуы. Бұған дейін Виктория америкалық Сэм Хьюзден ұтылған. Қазір Дудакованың ММА-да сегіз жеңісі бар.

БАПКЕРІН ҰРҒАН

Жеңілгеннен кейін ресейлік боксшы өзінің бапкері Хасанәлі Гасаналиевке соққы берген.

Сіз тіпті маңыма келіп қоймадыңыщ. Маған онша мән бермедіңіз» деді Дудакова

Виктория енді бапкерлік құрамын ауыстыруы мүмкін.

 

 

Новости партнеров