Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Харбинде өтетін Азия ойындарына дайындық жөнінде айтып берді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ
Министр баяндамасында атап өткендей, 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында 9-қысқы Азия ойындары өтеді. Қысқы Азия ойындарының бағдарламасына 6 спорт түрі кіреді: коньки спорты, биатлон, керлинг, шаңғы спорттары, шайбалы хоккей, ски-альпинизм. Жалпы бағдарламада 11 спорттық дисциплина қамтылған (конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарыстары, тау шаңғысы, фристайл, сноуборд, ски-альпинизм, шайбалы хоккей).
Ойындарға Азияның 32 елінен 1 000-нан астам спортшы қатысып, 64 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҚАНША СПОРТ ТҮРІНЕН ҚАТЫСАДЫ
Қазақстан құрамасы 6 спорт түрінен, 10 дисциплина бойынша жарыстарға қатысады. Команданың құрамы 138 спортшыдан құралған (72 ер адам және 66 әйел). Олар 51 медаль жиынтығы үшін күреседі. Салыстырмалы түрде қарасақ 2017 жылы Саппорода (Жапония) өткен Азия ойындарына Қазақстаннан 116 адам қатысқан болатын. 2025 жылы Харбинге баратын делегацияның жартысынан астамы Астана, Алматы қалаларынан және Шығыс Қазақстан облысынан шыққан спортшылар.
Ойындарға сапалы дайындық үшін ұлттық құрама 137 оқу-жаттығу жиынын өткізГЕН. Сонымен қатар, спортшылар 86 халықаралық жарысқа
қатысты, онда 33 медаль жеңген.
КІМДЕРДЕН МЕДАЛЬ БОЙЫНША ҮМІТ БАР
Үміткерлердің арасында жоғары спорттық жетістіктер мен мүмкіндіктерге ие спортшылар:
Аталған спортшылар еліміздің жүлделер қоржынына өз үлестерін қосады деп үміттенеміз, – дейді министр.
Азия ойындарындағы туды хоккейден спорт шебері, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері және жеңімпазы Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2017 жылы өткен Азия ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ Дүниежүзілік Универсиада жүлдегері Ольга Тихонова ұстап шығады.