19 жастағы қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко Италияда өтіп жатқан ХХХІІ қысқы Универсиаданың іріктеу жарысында бірінші орын алды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Жуырда өткен Алматыдағы әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Анастасия бұл іріктеу кезеңінен сенімді өтіп, өз өнері үшін 76,75 ұпай жинады.
Осы іріктеу жарыстарында Аяулым Әміренова да жақсы өнер көрсетіп, 71,70 ұпаймен екінші орынды иеленді.
Айта кетейік, іріктеуден өткен қос спортшы Қазақстан уақыты бойынша 18:30-да ақтық сынға шығады.