Париж Олимпиадасында берілген алтын медальдар жалған болып шықты. 100- ден астам спортшы жалатылған алтыны жоқ болып кеткен медальды ұйымдастырушыларға қайтарып жатыр, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы Dailymail мәлімдеді.
МЕДАЛЬ ЖАЛҒАН
Әлеуметтік желіде жүлде алып, марапатқа ие болған спортшылар медальдарынан алтынның жойылып бара жатқанын айтты.
Мәселені көтерген жарыста үшінші орын алған америкалық скейтбордшы Найджа Хьюстон. Алқаның сапасын Олимпиада да қола жүлдегер атанған француздық жүзуші Йоанн Ндойе-Бруар да сынға алды.
МЕДАЛЬДЫ ДАЙЫНДАҒАНДАР ЖҰМЫСТАН КЕТТІ
Париж монета сарайы мәселені медальдарды шығару үшін пайдаланған сапасыз лакпен байланыстырып отыр.
Алқалардың сапасына жауапты теңге сарайының үш топ-менеджері жұмыстан шығарылған.
Халықаралық Олимпиада комитетінің өкілдері журналистерге ақауы бар медальдар алдағы апталарда ауыстыруға уәде берді.