Кеше Париж Олимпиадасында садақ атушылар жарыс жолын бастады, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Садақ атудан бастапқы кезеңде бақ сынаған жерлесіміз Ильфат Абдуллин бүгінгі сайысқа өз бағасын берді:
«Желдің екпініне байланысты фокусымды жоғалтып алдым. Салдарынан өз деңгейімнен төмен өнер көрсеттім. Бұндай сәттер болып тұрады. Жақсы ұпай жинағым келген. Бірақ осы ұпайды да бағалаймын. Енді жеке және командалық сайыстарда жүлдеге таласатын боламыз. Жеребеге көңіліміз толады. Барлығы өз қолымызда!».
Енді садақ атудан ерлер құрамасы 29 шілде күні 1/8 финалда Италия кездеседі. Ал жеке сайыстар 30 шілдеде басталады.