×

Париж-2024: Садақ атудан Қазақстан командасының қарсыластары анықталды

25 шілде күні садақ атудан Қазақстан командасы Олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысып, ұпай жинады. Бүгін спортшылардың келесі кезеңдегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

26.07.2024, 14:34
Фото: olympic.kz, Владислав Семенов

Olympic.kz хабарлауынша, іріктеу айналымынан соң садақ атудан Қазақстан командасы жалпы есепте 10-орында тұр. 

Садақ  ату, 1/32 айналым: 

Ильфат Абдуллин - Эрик Петерс (Канада)

Александр Еременко - Аддис Баптиста (Франция)

Дәулеткелді Жаңбырбай - Хорхе Энрикс (Колумбия)

Еске сала кетейік, іріктеу айналымында Қазақстан сапынан ең көп ұпайды Дәулеткелді Жаңбырбай жинады. Ол 668 ұпаймен 22-орыннан көрінген. 

Ильфат Абдуллин  29, Александр Еременко 59-орында. 

Новости партнеров