×

Допингпен ұсталған спортшы ақталып шықты

Спорттық арбитраждық сот(CAS) допингпен ұсталып, жарыстан уақытша шеттетілген Брайан Харисті ақтап алды, деп хабарлайды Ulyssport.

 

17.01.2025, 13:52
Допингпен ұсталған спортшы ақталып шықты
Брайан Харрис

Кёрлинг спортынан әлем біріншілігінің қол жүлдегері Харис допингтің тәніне байқаусызда енгенін дәлелдеді. Сынама кезінде анықталған лигандрол препаратының  ас арқылы түскенін мәлімдеді. 

"Харрис күйеуімен осы тыйым салынған заты бар тағамдық қоспаны қолданған" делінген CAS есебінде.

Спортшы бұған қатты қуанғанын, жазықсыз кінәлап ашылғанын және жарысқа қатысатын уақытты асыға күтетінін жеткізді.

"Қазіргі қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мұндай жаңалықты енді есту мүмкін емес деп жүр ем, орын алғаннан бері таң бойы дірілдеп жүрдім. Мен ақталдым және бұл керемет сезім. Өзім жақсы көретін спортқа қайта оралғаныма өте қуаныштымын, күте алмаймын» деді спортшы.

Айта кетейік , Брайан кёрлинг лем чемпионатынан екі мәрте қола жүлде алған.

 

Новости партнеров