Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әлия Юсупова қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл туралы федерация баспасөз қызметі мәлімдеді.
Екі Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2012 жылдан бері Қазақстан құрамасын басқарып, еліміздің көркем гимнастика спортын жаңа деңгейге шығарды.
Юсупованың жетекшілігімен отандық гимнастшылар халықаралық аренада тұрақты жетістіктерге жетіп, Азия біріншіліктерінде, әлемдік турнирлерде жүлделі орындарға ие болды.
Осындай жауапты қызметте жүргенде сенім білдірген елге, басшылыққа алғысым шексіз. 2025 жылдың қаңтарынан бастап мен бас бапкер қызметінен кетемін. Ендігі өзімнің бар қабілетімді федерацияда жұмыс істеуге арнағым келеді. Сондықтан мен осы шешімге келдім, сол арқылы басқа жаттықтырушыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бердім. Баршаңызға сәттілік тілеймін», — деді Әлия Юсупова.
Еске сала кетейік, оның жетекшілігімен үш спортшы Олимпиада ойындарына жолдама алды. 2016 жылы Сабина Әшірбаева, 2020 жылы Алина Әділханова, 2024 жылы Елжана Тәниева сынға түскен болатын.