×

Астаналық велошабандоз төрт жылға жарыстан шеттетілді

«Astana Qazaqstan Development » велошабандозы Илхан Достиев төрт жылға дисквалификацияланды, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы "Дядя Ваня" телеграмм арнасы мәлімдеді.

17.01.2025, 18:07
Астаналық велошабандоз төрт жылға жарыстан шеттетілді
Google

Бұл шешімді Халықаралық велосипедшілер одағы қабылдады. Шешім 2028 жылдың 8 қыркүйегіне дейін жарамды. Ресми дереккөздердің хабарлауынша, Шымкент тумасы екі сынақтан оң нәтиже берген. Оның сынамасынан Roche Pharmaceuticals компаниясының Mircera сауда атауымен сатылған метоксиполиэтиленгликоль эпоэтин бетасының  іздері анықталған. Оқиғадан кейін астаналық клуб оны жұмыстан қуды. Дисквалификация мерзімі осы аптада ғана анықталды" дейді канал.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 30 шілдесінде жарыстан тыс тестілеу кезінде Достиевтің сынамасы оң нәтиже берді. Артынша велошабандоз допинг қолданғанын мойындаған болатын.

Новости партнеров