×

Ресей Олимпиадаға бару үшін Украинамен бейбіт келісімге қол қою керек – депутат

Ресейдің 2026 жылғы Олимпиада да ту,әнұранымен өнер көрсетуіне қойылған басты шарт белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты Светлана Журова Sovsport.ru порталында мәлімдеді.

Бүгін, 10:50
Ресей Олимпиадаға бару үшін Украинамен бейбіт келісімге қол қою керек – депутат
Google

Журова ресейлік спортшылардан санкцияларды алып тастау перспективаларына былай баға берді:

Милан–Кортина ойындарында біздің спортшылардың мемлекеттік ту мен әнұранды алып жүруіне үлкен мүмкіндік бар. Бұл Украинамен бейбіт келісімге қол қою. Алда әлі ХОК президентін сайлау күтіп тұр. Егер комитетті Себастьян Коэ басқаратын болса, онда ресейлік спорттан барлық санкцияларды алып тастау қиынырақ болады»деп жазды VseProSport Журованың сөзін.

Еске сала кетейік,XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді.

 

Новости партнеров