×

Олимпиада алтынын қайтарып берген қазақстандық спортшылар кімдер?

Қазақстан тәуелсіздік алғалы жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері Қазақстан еншісіне жазғы олимпиадада 20 алтын медаль түскен. Өкінішке орай, допинг дауына іліккен спортшылар оның алтауын қайтарып беруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

26.07.2024, 16:39
Олимпиада алтынын қайтарып берген қазақстандық спортшылар кімдер?
Фото: ашық дереккөзден

Допинг дауынан соң чемпиондық атақтарынан айырылған спортшылар:

Ауыр атлет Илья Ильи Пекин және Лондон олимпиадасының алтынын қайтарып берді. 

Ауыр атлетикадан Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедова Лондонда алған алтындарынан айырылды.

Тағы бір ауыр атлет Нижат Рахимов «допинг ережесін бұзды» деп айыпталып, Рио олимпиадасында алған алтынын қайтарды.

Новости партнеров