Respublika партиясының мүшесі Әкім Тұрсын Тоғызқұмалақ федерациясын тізгіндеді, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы федерация баспасөзі ресми мәлімдеді.
Әкім Тұрсын бұрын федерацияның вице-президенті болған, Алматы қалалық мәслихатында депутаттық қызмет атқарған. Ал, бұрынғы басшы Әлихан Байменов дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті ретінде өз міндеттерін жалғастыра береді.
Ә.Тұрсынның қызметке тағайындалуына қатысты баспасөз қызметі былай деп жазды:
"Айта кету керек, Respublica партиясы ұлттық спорттың дамуын белсенді қолдайды. Елдің бірқатар өңірлерінде партия мүшелері де өңірлік федерацияларды басқарып, ұлттық спорт мәдениетін дамыту мен дәстүрлерді сақтау жолында өз үлестерін қосып келеді" деді федерация
Айта кетейік, Әкім Тұрсын бұған дейін Алматы тоғызқұмалақ федерациясының президенті қызметін де болған.