Freedom Holding Corp. холдингтің 2024 жылы қайырымдылық пен демеушілікке бөлген сомаларын жариялады. 40 млрд теңгемен қаржыландырылғандардың қатарында шахмат пен футболдан Қазақстан жастар лигасы бар, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы forbes.kz мәлімдеді.
Холдингтің негізін қалаған Тимур Турлов жыл ішінде қайырымдылыққа 40 миллиард бөлген. Оның 4,5 миллиард теңгесі Қазақстан шахмат федерациясын қолдауға, 1,1 миллиард теңгесі Қазақстан жастар лигасын демеуге жұмсалған.
Холдинг бөлінген қаржының арқасында Қазақстан шахмат федерациясыные құраманы нығайтқанын, республиканың түкпір-түкпірінен мыңдаған шахматшыларды, гроссмейстерлерді және жетекші жаттықтырушыларды тартқанын,шахмат секцияларының санын көбейтіп турнирлер өткізіп жатқанын алға тартты.
Футболға тиген 1,1 млрд теңге чемпионаттар өткізуге, ойыншыларды дайындауға және жаттықтырушылардың біліктілігін арттыруға жұмсалған.
Сонымен қатар, бұған дейін Турлов өзі басшылық ететін Халықаралық шахмат мектебі федерациясын құруды ұсынған.
Айта кетейік, 37 жастағы Тимур Турлов Қазақстандағы ең бай 75 бизнесмен рейтингінде бесінші орында тұр.