Бокстан Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Елдос Сайдалин жеребе қорытындысына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жеребе тартылып алғашқы қарсыластарымыз анықталды. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Бұл – Олимпиада, ешқашан осал қарсылас болмайды. Олимпиадаға бокстасамыз деп келдік. Жеребе жеңіл түссе де, ауыр түссе де ешкімнен қашып құтыла алмаймыз. Сол үшін кіммен болса да қарсыласуға дайынбыз, - деп келтіреді Olympic.kz бас бапкердің пікірін.
Сонымен қатар, Сайдалин шәкірттерінің мүмкіндігі туралы да айта кетті.
50 мен 57 келі салмақта 22 боксшыдан болса, 75 келі салмақта 16 боксшы қыз жұдырықтасады. Осыдан-ақ, кімге қандай мүмкіндік барын бағамдай беруге болады. Жалпы, бізге ешқашан босаңсуға, шаршы алаңда қателесуге болмайды, - деді бас бапкер.