×

"Ливерпульдың» Чемпиондар лигасындағы кезекті жеңісі

Англиялық «Ливерпуль» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің жетінші турында француздық «Лилльді» ұтты, деп хабарлайды Ulyssport.

23.01.2025, 07:50
"Ливерпульдың» Чемпиондар лигасындағы кезекті жеңісі
Сурет: Google

Ливерпульде өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Мохамед Салах (34-минут) пен Харви Эллиотт (67-минут) гол соқты. Қонақ тараптан голды Джонатан Дэвид соқты (62). 59-минутта «Лилльдің» ойыншысы Айсса Манди екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

"Лилль" жеңіліссіз өткізген 21 матчты рекордын осы ойынмен бұзып алды. Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде англиялық клуб көш бастап тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Реал» 15 жыл ішіндегі жеңіліссіз көрсеткішінде «Ливерпульден» жеңіліп, антирекорд орнатқан.

 

Новости партнеров