Арина Сабаленка Паула Бадосаны жеңіп, қатарынан үшінші рет Австралия ашық чемпионатының финалына шығып отыр, деп хабарлайды Ulyssport.
Әлемнің бірінші ракеткасы беларусиялық А.Сабаленка Australian Open турнирінің жартылай финалдық кездесуінде WTA рейтингінде 12-орында тұрған испаниялық Паула Бадосаны 6/4, 6/2 есебімен ұтып кетті.Теннисшілер кортта 1 сағат 27 минут ойнады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Арина бұл турнирді екі рет жеңіп алған. Үшінші мәрте Мэдисон Кис пен Ига Святек жұбынан суырылып шыққан мықтымен бас жүлдеге таласады.