Париж Олимпиадасының алғашқы күні бірнеше спорт түрінен спортшыларымыз бақ сынайды, деп хабарлайды Ulyssport.kz
ДЗЮДО
48 кг, Әбиба Абужақынова – Сара Ришони (Израиль) 1-айналым
60 кг, Елдос Сметов – Торнике Чкадуа (Нидерланд) 1-айналым
Алғашқы белдесулер Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал финал 19-00-де басталады. Елімізде тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.
НЫСАНА КӨЗДЕУ
Пневматикалық винтовкамен 10 метрден аралас жұптық сын – Қазақстан-1 командасы (Ислам Сатпаев, Александра Ле), Қазақстан-2 командасы (Арина Алтухова, Константин Малиновский). Мұнда іріктеу нәтижесінде 1-2 орын алған құрамалар финалға шығып, чемпионды анықтайды, 3-4 орын қола медальді сарапқа салады. Астана уақытымен іріктеу 12:00-де, ал финалдар 13:30-да басталады.
Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеудің іріктеуі – Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова. Ерлер арасындағы квалификация Шаторуда елорда уақымен 13:30-да, әйелдер арасындағы жарыс 15:30-да басталады. «Хабар» арнасы ерлер арасындағы іріктеуді көрсетеді.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУ
Іріктеу – Владислав Яковлев. Ұлттық құрама спортшысы алғашқы алтылықта жарысады. Әр алтылықта жақсы нәтиже көрсеткен 3 спортшы тікелей ширек финалға шығады. Қалғандары ертесіне (28 шілдеде) тағы бағын сынап көреді. Жарысты ертең 11:55-те Qazsport арнасынан көре аласыздар.
СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКА
Көпсайыс – Милад Карими, ат снаряды – Нариман Курбанов 18:30-да «Хабар» арнасы, іріктеу кезеңі.
ВЕЛОСПОРТ
Жекелей сындағы уақытқа жарыстың финалы – Евгений Федоров. Qazsport арнасы 18:35-те көрсетеді.
ТЕННИС
Александр Бублик – Тейлор Фриц (АҚШ) 15:00, Jibek Joly арнасы.
Юлия Путинцева – Марта Костюк (Украина) 15:00, Jibek Joly арнасы.
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ
Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили) 23:00
БОКС
Біздің уақытпен 27-сінен 28-іне қараған түні сағат 00:52-де «Хабар» арнасының эфирінде:
63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания).