×

Қазақстандық спортшы нокаутқа түсірген жеңісінен кейін жарыстан шеттетілді

Қазақстандық Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегінде жеңіске жеткеннен кейін жарыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Ulyssport. 

Бүгін, 15:59
Қазақстандық спортшы нокаутқа түсірген жеңісінен кейін жарыстан шеттетілді
Сурет: Instagram @ali_akhmedov_officialpage

Бұл туралы Sports.kz. мәлім етті. Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы қазақстандық Әли Ахмедовты америкалық Малколм Джонспен өткізген жекпе-жектен кейін дисквалификациялады.

Деректерге сүйенсек, Ахмедов 31 қаңтарға дейін рингке шыға алмайды. Дисквалификация медициналық сипатта, спортшының жекпе-жектен кейін тезірек сауығып кетуіне көмектесуге арналған.

Айта кетейік, Ахмедовтың қарсыласы Джонс 3 наурызға дейін алаңнан шеттетілді.

Новости партнеров