×

Қазақстандық танымал нокаутер Ахмедов кезекті жекпе-жегін Астанада өткізеді

Головкиннің командасындағы екінші орта салмақтағы қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) Астанада жекпе-жек өткізетін болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

25.01.2025, 14:32
Қазақстандық танымал нокаутер Ахмедов кезекті жекпе-жегін Астанада өткізеді
instagram/ali_akhmedov_officialpage

Ахмедов шаршы алаңға 28 ақпан күні шығады. Бұл туралы кәсіпқой бокс кешін ұйымдастырып жатқан промоутерлік компания мәлімдеді. Дегенмен Әлидің қарсыласы әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, Әли Ахмедов 18 қаңтарда АҚШ-тың Коммерс (Калифорния) қаласындағы бокс кешіне қатысып, америкалық Малкольм Джонсті (17-5-1, 10 КО) нокаутпен жеңген.

Әли Ахмедов көп жыл бойы Геннадий Головкинмен бір командада жаттығып, GGG-дің андеркардында жұдырықтасып жүрді. Осыдан біраз уақыт бұрын ол бапкерін ауыстырып, Джонатон Бэнкстің орнына қазір Рики Фуньестің қарамағында жаттығу жасап жүр. Сөйте тұра промоутер Том Леффлермен серіктестігін жалғастырып келеді.

 

Новости партнеров