Кинбозан Харуки лақап атымен күресіп жүрген қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл Жапониядағы император кубогында алғаш рет көшбасшы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Токиодағы "Кокугикан" сумо сарайында Жапония елінің элиталық дивизионында өтетін ең беделді ұлттық күрес турнирлерінің бірі аяқталуға жақын.
Дәл осы бәсекеде ешкім күтпеген нәтиже тіркелуде. Қазақстаннан шыққан Ерсін Балтағұл қаңтар айындағы басёның басты кейіпкері атанды.
Балуан Күншығыс елінде Кимбодзан Хируки лақап атымен танымал. Қазіргі таңда 9 айналым қорытындысы бойынша Балтағұл турнирлік кестенің көш басында.
Кимбодзан Хируки – қаңтар айындағы басёда бірде-бір рет жеңілмеген жалғыз балуан. Ерсіннен кейін рейтингте моңғол сумошысы Тиесема, үшінші және төртінші орынға жапондық Охо мен Такэруфудзи орналасқан.
Император турнирі 26 қаңтарда аяқталады. Жарыс соңына дейін балуандар тағы 5 жекпе-жек өткізеді. Кимбодзан Хируки –элиталық дивизионға қосылған алғашқы қазақстандық сумошы. Ерсін Алматы облысында дүниеге келген. Сумоға дейін ол дзюдо спортымен айналысқан.