×

Екі қазақстандық фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Юлия Галышева мен Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

25.01.2025, 16:47
Екі қазақстандық фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
ҰОК

Уотервиллде (АҚШ) фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі басталды.

Турнир аясында могулшылар жекелей сында бақ сынады. Қазақстандықтардан ең үздік нәтижені Юлия Галышева көрсетті. Ол алтыншы орынға тұрақтады.

Анастасия Городко тоғызыншы орын алса, Аяулым Әмренова 26-орынмен аяқтады.

Ерлер арасында Павел Колмаков қорытынды кестеде 21-орынға жайғасса, Антон Бондарев 39-орында, ал Федор Бугаков 43-орында жетті.

Айта кетейік, 25 қаңтарда параллель могулдан жарыстар өтеді.

Новости партнеров