Астанада World Athletics Indoor Tour Gold сериясы аяқталды. Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Елизавета Матвеева мен Игорь Косолапов биіктікке секіруден үшінші орынға ие болған.
Жеңіл атлетика федерациясының президенті Ольга Рыпакова бұлтурнирдің елімізде өткізілуі әлемдік жеңіл атлетика тарапынан көрсетілген бізге деген сенімнің белгісі екенін атап өтті.
«Біз мұндай жоғары деңгейдегі жарыстарды екінші рет өткізіп отырмыз. Бұл, бізге әлемдік жеңіл атлетика сенім артатынының белгісі. Оның үстіне, 2023 жылы біз бас қалада Азия чемпионатын өткіздік, себебі онда астаналық жеңіл атлетика орталығы бар" деген Рыпакова ҰОК мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Астанада өткен бұл жарыста 40 елден барлығы 100-ден астам спортшы бақ сынаған.