Қазақстандық Бекман Сойлыбаевтың (19-1, 10 КО) титулдық жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Бекман Сойлыбаевтың титулдық жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды. Кездесу Ақтау қаласында өтеді. Оның қарсыласы 12 раундтық жекпе-жекте жеңіліссіз нокаутпен басып озған танзаниялық Абейд Зуго.
Айта кетсек, Зуго өткізген 15 кездесуінің бәрін жеңіспен аяқтаған. Сонымен қатар, оның 13-інің нокаутпен уақытынан ерте бітуі танзаниялық спортшының қара күш иесі екенін көрсетеді.
Еске сала кетейік, Сойлыбаев пен Зуго арасындағы титулдық жекпе-жек 23 ақпанда өтеді.