×

Допинг сарапшылары кез-келген уақытта үйімізден алып кетеді – әлем чемпионы Нұрғиса Әділет

2024 жылы желтоқсанда Бахрейн де өткен әлем чемпионатын да алтын алған зілтемірші допингке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол бірінші бол подкастында мәлім етті.

28.01.2025, 13:50
Допинг сарапшылары кез-келген уақытта үйімізден алып кетеді – әлем чемпионы Нұрғиса Әділет
ҚААФ

ОЛИМПИАДА ЖАҚЫНДАҒАНДА ШЕТТЕТКЕН

2024 жылғы әлем чемпионатынан бұрын допинг тексерісі кезінде Нұрғиса Әділетұлының сынамасы оң нәтиже берген.

"Допингпен ұсталғандарға 4 жыл береді, ал егер кінәңді мойындасаң үш жылға жазаңды үш жылға қысқартады. Бірақ, біз ауыр атлетика федерациясымен бірлесіп жұмыс істеп, кінәсіз екенімізді дәлелдеп, 18 айға шеттетілдік. Дәл Олимпиада жақындағанда мұндай болғаны түсініксіз" деді чемпион.

Спортшы допингтік шеттетудің әсерінен Париж Олимпиадасына бара алмағанын, барса сөзсіз алтын алатынын айтты.

ДОПИНГ САРАПШЫЛАРЫ КЕЗ-КЕЛГЕН УАҚЫТТА КЕЛЕДІ

Сонымен қатар, Әділетұлы бұрынғы допинг дауының қазіргі жастарға да кері әсер етіп жатқанын жеткізді.

"Халықаралық допинг сарапшылары кез-келген уақытта, хабарламастан үйімізге келіп алып кетеді. Қазіргі уақытта Қазақстан ауыр атлеттерін қатаң тексерісте ұстауда" деді Нұрғиса Әділетұлы

Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Бахрейн де өткен әлем біріншілігінде зілтеміршілер екі алтын мен бір күміс жүлдені қоржынға салды.

 

 

 

 

Новости партнеров