×

Париж Олимпиадасы: Владислав Яковлев іріктеуде 5-орын алды

Париж Олимпиадасында академиялық ескек есуден ерлер арасында іріктеу өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.kz

27.07.2024, 12:20

Жекелей сында алғашқы алтылықта сынға түскен отандасымыз Владислав Яковлев 5-ші болып мәреге жетті. Оның уақыт көрсеткіші - 7:21.56 секунд.

Бұл алтылықта жақсы нәтиже көрсеткен 3 спортшы ширек финалға тікелей жолдама алды. Ал Владислав ертең тағы бақ сынап көреді.

Айта кетейік, бұл Владислав Яковлев үшін 4-ші Олимпиадада. Ол осыған дейін 2012 жылы Лондонда жалпы есепте 28-ші, Риода 31-ші, Токиода 19-орыннан көрінген.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр