Сектордан лақтырылған балға жеңіл атлетика жарысындағы көрерменнің өліміне әкелді, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы РБК Спорт мәлім етті.
Оқиға Америкадағы Колорадо университетінің аумағында өткен мектепішілік турнир де болған. Онда штаттың түкпір-түкпірінен келген жеңіл атлеттер бақ сынасты.
"Көрермен турнир қатысушысы лақтырған балға кедергілерден басқа жаққа ұшып оқыс тиген кезде қайтыс болды" дейді жоғары оқу орны өкілі.
Айта кетейік, жазатайым оқиғаға ұшыраған 57 жастағы Уэйд Лэнгстон жарысқа қатысушы спортшылардың бірінің әкесі. Ол әйелі мен ұлын қорғап қалу үшін қауіпке өз арқасын тосқан.