Бүгін Париж Олимпиадасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен атудан аралас жұптық сайыстың іріктеу кезеңінде Ислам Сатпаев пен Александра Ле 3-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Іріктеу кезеңі. 28 команда
Қытай — 632,2 ұпай
Оңтүстік Корея — 631,4 ұпай
Қазақстан-1 — 630,8 ұпай
Германия — 629,7 ұпай
Енді отандастарымыз қола жүлде үшін Германиямен сынға түседі. Жарысты 13:30-да «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар