×

Ата-анам менен спортшы шығады деп ойлаған емес – мәнерлеп сырғанаушы Шайдоров

Михаил Шайдоров спорттық мансабының бастауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulyssport. 

Бүгін, 13:39
Ата-анам менен спортшы шығады деп ойлаған емес – мәнерлеп сырғанаушы Шайдоров
Google

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанау спортына бірден келмеген. Спортшының сөзіне сүйенсек, ата-анасы одан спортшы шығады деп ойламаған. 

"Ата-анам мені бес жасымда Рамстор алдындағы мұз айдынға апарды, бірақ маған ұнамаған соң кетіп қалдым. Онан кейін спорттық гимнастикаға бардым, 1,5 жыл сол спортпен айналыстым. Бір күні коньки тебетін жерді көріп қызығып кеттім. Содан бері мәнерлеп сырғанау спортына келдім. Бір айта кетерлігі ата-анам ешқашан мені қыстамаған" деді Шайдоров спорт+ подкастында.

Айта кетейік, Михаил спортшылардың отбасынан шыққан, әкесі Станислав Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы.

Новости партнеров