Қазақстандық былғары қолғап шебері Бангкоктегі (Таиланд) бокс кешінде Пәкістандық Хабиб Ур Рехманды екінші раундта нокаутпен ұтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Армат кәсіпқой бокста жалпы үш жекпе-жек өткізген.
21 жастағы спортшы алғашқы кездесуінде төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді.
Еске сала кетсек, 2024 жылы 21 қыркүйек күні Алматыдағы Sadu Arena кешенінде Irfin Promotions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен халықаралық кәсіпқой бокс кеші өткен.
Бұл кеште орта салмақтағы отандасымыз Армат Арманұлы (1-1) да өнер көрсетіп, өзбекстандық былғары қолғап шебері Анвар Тұраповпен (9-4, 6 КО) жұдырықтасты. 72,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек 4 раундқа жоспарланып, екі боксшы да кездесуді толық жұдырықтасып шықты. Аса тартысты өткен айқаста жерлесіміз қарсыласынан ұпай саны бойынша басым түсті.