Тунис құрамасына таеквондодан алтын әперген бапкерге "Мұстафа Өзтүрік" жүлдесі табысталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстандық Есбол Сұлтановқа "Мұстафа Өзтүрік" жүлдесі табысталды.
"Қазақ елінде таеквондоның таралуына үлес қосқан және жетістіктердің жақсаруына мұрындық болған ұлы тұлғаны есте сақтау мақсатында осындай жүлде дайындадық. Аталмыш іс-шара жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылады» делінген Қазақстан таэквондо федерациясының мәлімдемесінде.
2025 жылы Е. Сұлтанов таэквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік таэквондо федерациясы қазақстандық маманды «2024 жылдың үздік жаттықтырушысы» деп жариялады.
Айта кетейік, ол 2023 жылдан бері таэквондодан Тунис құрамасын басқарған.