×

Жансая Әбдімәлік шахмат академиясын ашты

Шахматтан бірнеше дүркін әлем жеңімпазы Жезқазғанда болашақ чемпиондарға арналған жаңа орталық ашты, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі ресми мәлім етті.

Бүгін, 09:48
Жансая Әбдімәлік шахмат академиясын ашты
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Жезқазған қаласында бес дүркін әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік негізін қалаған еліміздегі ең ірі шахмат орталығы ашылды.

Бұл академия 5 пен 18 жас аралығындағы балаларды шахмат ойнау өнеріне үйретіп, олардың ақыл-ой қабілеттерін дамытып, үлкен жеңістерге дайындайды.

"Бұл академияның ерекшелігі – онда дәстүрлі шахмат өнері заманалы технологиямен үйлесім тапқан.  Бұл жай ғана оқу орны емес, балалар өз әлеуетін ашып, стратегиялық ойлауды үйренетін нағыз шахмат ордасы. Жансая Әбдімәлік тәжірибесі мен жетістіктері арқылы жас ойыншыларға шабыт береді және мұндай академия болашақ чемпиондарды дайындауға көмектеседі» делінген министрлік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, академияның салтанатты ашылуына, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Моңғолия елдерінен 100-ден астам жас шахматшы қатысқан.

 

Новости партнеров