Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов қызметтен босатылған соң, ұлттық құраманың негізгі ойыншылары хабарласқанын айтты, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол SE басылымына берген сұхбатында мәлім етті.
ҚАЙДА ЖҮРСЕМДЕ ОЛАРМЕН БАЙЛЫНЫСТАМЫН
"Капитан Асхат Тағыберген, Бахтияр Зайнутдинов, Нұралы Әліп, Аслан Дарабаев, Станислав Покотилов телефон соқты. Әңгімеміз беймарал, қызметтен кеткеніме қатысты көңіл сөздері мен алдағы уақытты атқарар істеріме қатысты болды. Байырғыдай сол бір дүниелерді талқыладық, артық ештеңе жоқ. Қай тұста жұмыс істесек те, біз ойыншылармен үнемі байланыста боламыз" деді Черчесов.
Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы бас бапкер орыс тілді жерде жұмыс істегісі келетінін жеткізген.