Қазақстанда жалған дипломмен жұмыс істеген бапкерлер әшкере болды, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы антикор өкілі "Алматы" арнасында ресми мәлім етті.
Бапкерлік және спорттық қызметпен айналысқан 278 адамның жалған диплом қолданғаны анықталған. Оның 9-ы басшы, 248-і жаттықтырушы және 21-і басқа да қызметкерлер.
"Мұндай фактілердің басым көпшілігі Түркістан, Атырау, Алматы, Жамбыл және Ақмола облыстарынан тіркелген. Қабылданған шаралар аясында 250 адаммен еңбек келісімшарттары бұзылды. Қалғандары бойынша жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешіледі" деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі Данияр Бигайдаров.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ербол Мырзабосынов спорт жаттықтырушыларына талаптың күшейетінін баса айтқан.