Қуат Хамитов Бақтияр Артаев берген сұхбаттың астында пікірін қалдырды, деп хабарлайды Ulyssport.
30 қаңтар күні Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев сұхбат берді. Сөз арасы футболшылардың 5-20 миллион теңге аралығында жалақы талап етеріне сынады. Дәл осы сынның астына Қуат Хамитов пікір қалдырған.
"Қазақстандық футболшылар бетімен кеткен қатын сияқты. Олардан келері тек қана проблема" деп жазды Хамитов kzsports парақшасының астына.
Айта кетейік, жекпе-жек шебері мемлекеттің футболды қаржыландыруды тоқтатып, тек балалар спортына ғана ақша бөлуі тиіс екенін жеткізіп келеді.