×

Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне үміткер болмақ

UFC-дің жеңіл салмақтағы екі дүркін чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор Ирландиядағы президент сайлауы қарсаңында атқарған істері туралы бөлісті, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желі парақшасында жариялады.

Бүгін, 15:33
Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне үміткер болмақ
Google

ҮЙ ҮШІН ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ 

"Биыл, Ирландияда әлеуметтік тұрғын кешені үшін менің бастамаммен қолға алынған 300-ден астам үйдің іргетасы қаланады. Барлығы өз қаражатыма салынады. Аралықта үйлердің ендігі салынып, жалға беріліп қойғаны туралы жалған ақпарат тарады. Өтірікке адамдар тез сенеді ғой , соның әсерінен маған шабуыл жасағандар да болды. Халық жағдайға көзін ашып қараса екен. Менің бұл әрекеттерім, еліміздегі тұрғын үй дағдарысын шешуге көмектесуге бағытталған маңызды қадам" деді Конор.

Макгрегор президент болса барлық мәселені шешуге қауқарлы екенін жеткізді.

ЗАҢСЫЗ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІН ТОҚТАТАМ!

Мен шынайымын. Бойымда нағыз ирланд қаны бар!Өмірімнің соңғы тамшысын да еліме берем! Құдайым, отбасым, елім! МакГрегорға дауыс беріңіз! Ирландиядағы тұрғын үй қиындығын, баспанасыздық шарасыздығын, заңсыз көші-қон үрдісін, Ойреахтастағы сыбайлас жемқорлықтың бәрін түзетемін! Мен, нәтижелі табысқа уәде етем!

Айта кетейік, Ирландиядағы президент сайлауы 2025 жылдың қарашасына белгіленген.

 

Новости партнеров