×

Семей әкімдігі қайтыс болған олимпиада жүлдегерінің пәтерін қайтарып алған

Семей әкімдігі көз жұмған сүрдолимпиада ойындары қола жүлдегерінің пәтерін тартып алған, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 10:00
Семей әкімдігі қайтыс болған олимпиада жүлдегерінің пәтерін қайтарып алған

СУРДЛИМПИАДА

Сурдлимпиада- есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы дүниежүзілік дода.

ЛӘЗЗАТ БАҚТИЯРОВА КІМ

Бақтиярова Ләззат Дәуренқызы - бала кезінен мүкіндігі шектеулі жан. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері, жиырма төртінші сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері, бірінші Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегері атанған

2022 жылы Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен жазғы Сурдлимпиада ойындарында сурдодзюдо бойынша Ләззат қола жүлде алған. Ел спортына үлес қосқаны үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік пәтер берілген

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ 

2023 жылы спортшы қайтыс болған. Спортшының әкесі заңды мұрагер ретінде тұрғын үйді өзіне қалдыруға өтініш тастаған. Әйтседе, Семей қаласының тұрғын үй берушілері келісім жасаудан бас тартқан. Оқиға сот арқылы шешілді. Жоғары сот мемлекеттік органды пәтерді спортшының әкесіне беруге міндеттеді.

Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енбеді.

 

Новости партнеров