Регбиден Олимпиада чемпионы Масивеси Дакувака клубтағы қатарларының бетін тістеп ауыр жарақат қалдырды, деп хабарлайды Ulyssport.
ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ?
Дакувакамен клубта бірге жаттығатын қатарласының арасында ақшаға қатысты кикілжің туған. Ештеңе өнбеген соң екеуі төбелескен. Мұны байқаған тағы бір топтасып екеуін ажыратпақ болған, бірақ Масивси оның бетінен оңдыртпай тістеп алады.
АҚЫРЫ НЕ БОЛДЫ?
Регбиден Олимпиада чемпионы Масивеси Дакувака қатарласының бетінен тістеп алғаны үшін жарыстан шеттетілді.
Айта кетейік, 30 жастағы регбиші командадан шеттетіліп, оқиғаға байланысты тергеу басталды. Масивси мамыр айында сот алдында жауап береді.