×

Қазақстандық керлингшілер Азия ойындарында алғашқы жеңісіне жетті

2025 жылғы Қысқы Азия ойындары аясында керлингтен аралас жұптық жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 18:30
Қазақстандық керлингшілер Азия ойындарында алғашқы жеңісіне жетті
ҰОК

Топтық кезеңдегі үшінші ойында Әмина Сейітжанова мен Азизбек Нәдірбаев Катарға қарсы ойнады.

Кездесуде қазақстандықтар 7:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс керлингшілеріміздің Азия ойындарындағы әзірше алғашқысы.

Еске сала кетейік, бір күн бұрын керлингшілеріміз топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін Қытайға қарсы өткізді. Ойын мәресіне жеткенде қарсыластар 11:5 есебімен жеңіске жеткен

Новости партнеров