×

Олимпиададағы тағы бір теннисшіміз жарысқа қатыспайтын болды

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева тізе жарақатына байланысты Олимпиадаға қатыспайды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

27.07.2024, 17:39

Теннисші бүгін алғашқы матчын украиналық Марта Костьюкке қарсы ойнауы керек болған. Енді оның орнын Жаңа Зеландия спортшысы Лулу Сан алмастырады.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев бұл жағдайға қатысты былай деп пікір білдірді: 

«Париждегі Олимпиаданың басталуы біз үшін нағыз сынақ болды. Күні кеше Елена Рыбакина сырқатына байланысты жарыстан шығып қалса, бүгін Юлия Путинцева қатыспайтын болды. Біз екі спортшыға үлкен үміт арттық және болған оқиғаға қатты өкінеміз. Елена да, Юлия да Олимпиадада ойнай алмағандарына қынжылады. Біз жанкүйерлерге өтініш білдіріп, осындай қиын кезеңде барлық ойыншыларымызға қолдау көрсетулерін сұраймыз. Қиындықтарға қарамастан, еліміздің туы астында алға ұмтылып, жаңа жеңістерге ұмтылатын боламыз».

Дәл қазір Парижде жаңбыр тоқтамай тұр. Даладағы корттардағы ойындар 3 сағатқа кешіктіріледі. Бүгін отандасымыз Александр Бублик жекелей сында АҚШ теннисшісі Тейлор Фрицпен кездеседі.

Новости партнеров