Қазақстандық Nomad Fighting Championship 12 турнирінің уақыты мен өтетін орны белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.
8 ақпан күні Балуана Шолақ атындағы спорт сарайында көшпенділер жекпе-жегі өтеді. 17:00-ге белгіленген спорт кешінде 12 кездесу өтеді, оның 3-і 61, 65 және 84 келі салмақ дәрежесіндегі титулды қорғауға арналады
Айта кетейік, жарысқа Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбек ұлы, Азамат Бақытов пен Әмірхан Оев, Абдурахман Абдурахманов пен Санжар Тәжиев, Айдос Жаппарбергенов пен Алмаз Нұрғали және т.б ойыншылар қатысады.