×

ҚР ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенттері тағайындалды, деп хабарлайды Ulyssport.

06.02.2025, 11:49
ҚР ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамы тағайындалды
Сурет: Ұлттық спорт қауымдастығы

Қоғаммен байланыстың вице-президенті – Бақытжан Тұрлыбеков

 

Спорт жөніндегі вице-президенті-атқарушы директоры – Бақдәулет Сәбитов

Бақытжан Тұрлыбеков - «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті қызметін атқарған. Ал, Бақдәулет Сәбитов 2022-2025 жылдар аралығында ҚР ТСМ, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директоры болған.

"Бұл тағайындаулар Ұлттық спорттың даму жолында маңызды қадам" деп атап өтті Қауымдастық президенті Еркебұлан Ильясов.

Еске сала кетейік, Еркебұлан Ильясов 1 ақпан күні ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланған.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына бәйге, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, құсбегілік, садақ ату, асық ату және Республикалық «JORYQ» ат спорты федерациялары кіреді.

 

 

 

Новости партнеров