Допинг дауына іліккен Камила Валиева медальдарын қайтармағаны үшін жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport.Бұл туралы заңгер Анна Анцелиович VseProSport сұхбатында мәлім етті.
Спорт заңгері Анна Анцелиович мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваның дисквалификациядан медальдарын әлі қайтармағанына қатысты пікір білдірді.
"Спортшының жарыстан шеттетілген соң медальдарын қайтармауы жиі кездесетін жағдай. Өйткені жаңа медальдарды басып шығару және оларды басқа спортшыға беру қиындық тудырмайды. Бірақ, егер жүлдеге тағайындалған ақшаны қайтармай қойса, онда жазалалауы мүмкін" деп түсіндірді заңгер.
Айта кетейік, бұған дейін ТАСС агенттігі қазіргі уақытта Валиеваның Спорттық арбитраждық соттың шешімімен алынуы тиіс жүлделердің ешқайсысын қайтармағанын хабарлаған.