×

Қазақстан конькишілері Азия ойындарының алтыны үшін сынға түседі

Шорт-тректен Қазақстан конькишілер құрамасының өкілі Яна Хан 2025 жылғы Азия ойындарының ашылу күніндегі өнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 14:02
Қазақстан конькишілері Азия ойындарының алтыны үшін сынға түседі
ҰОК

Спортшы ертең алтынға таласта бар күштерін салатынын жеткізді.

"Бүгін көрсеткен нәтижеге риза болдым. 500 метрге жүгіруде жылдам болдым.Аралас эстафетада да құлағанымызға қарамастан финалға өттік. Бірақ біздің команда әр түрлі сценарийлерге, күтпеген жағдайға дайын. Себебі, шорт-трек болжау мүмкін емес спорт түрі. Біз әрқашан бір-бірімізді бақылаймыз. Ертең алтынға таласамыз" деп бөлісті Яна Хан.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық шорт-трекшілер финалға жолдама алған.

Новости партнеров