Дзюдодан әйелдер арасындағы көшбасшымыз Абиба Әбужақынова жұбаныш белдесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Ұлттық құрама дзюдошысы Абиба Абужақынова (48 кг) Париж Олимпиадасының жұбаныш белдесуінде Габриэла Нарваэстің (Парагвай) жауырынын жерге тигізді.
Енді отандасымыз жартылай финалда жеңілген дзюдошымен қола медаль үшін күреседі.
Іріктеуде Абиба Шира Ришониды (Израиль), Лень Чэнь-Хаоны (Тайпей) ұтып, жартылай финалда испан Лаура Мартинестен ұтылған.