Қазақстандық ММА спортшысы, боксшы Жұман Жұмабеков Алматыда өткен Nomad FC 12 турнирінде жеңіске жетті. Оның қарсыласы әйгілі ресейлік файтер Расул Мирзаев болды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Бес минуттан бес раундқа есептелген жекпе-жек соңына жетпей аяқталды. Қазақстандық файтер Жұмабеков даңқты қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, 35 жастағы Жұмабеков ММА-да 14-8, бокста 1-2 (1 КО), жұдырықтасу cайысында 6-0 көрсеткішке қол жеткізген.