Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы ҚР ҰОК-ға сілтеме жасап.
Топтық кезеңнің соңғы ойынында ұлттық құрама Оңтүстік Кореямен кездесті.
Негізгі уақытта есеп ашылмағандықтан, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Александра Шегай жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы төрт матчтың қорытындысы бойынша В тобын бірінші орынмен аяқтады.