×

Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем чемпионы атанды

Пара биатлоннан әлем чемпионатында Ербол Хамитов жекелей жарыста 12.5 шақырым қашықтықты 35:29.01 уақыт аралығында игеріп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulyssport.kz порталы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

09.02.2025, 16:32
Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем чемпионы атанды
Туризм және спорт министрлігі

Екінші орынды канадалық Дерек Заплатонский (35:36:3), ал үшінші орынды америкалық Аарон Пайк (35:37:8) алды.

Жарыстың бірінші күні қазақстандық пара спортшы 7.5 км спринттік жарыста қола медальді (20:55) жеңіп алған.

Айта кетейік, әлем чемпионаты Словакияның Поклюка қаласында өтіп жатыр.

Новости партнеров