Алматылық Дастан Сәтпаев ресми түрде "Челсиде" ойнайды, деп хабарлайды Ulyssport.
"Алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді. 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін Дастан «Қайрат» сапында өнер көрсетеді" деп жазды футбол федерациясы.
Айта кетейік, Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында «Қайрат» Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өткен.